Астанада Дүниежүзілік медбике күні аталып өтіледі

Дүниежүзілік медбике күні (ағыл. International Nurses Day) жыл сайын 12 мамырда атап өтіледі. Ол Дүниежүзілік Медбикелер (ICN) қолдауымен өтеді.
Халықаралық медбике күнін атап өтуге байланысты «Астана қаласының 2011 жылғы ең үздік медбикесі» байқауы өтеді. Байқауға Астана қаласының барлық медициналық ұйымдарынан медбикелер қатысады және ең жақсы өнер көрсеткендерге ынталандыру сыйлықтары беріледі.
Медбикелер өздерінің күнделікті тәжірибесінде медициналық көмек көрсету сапасын арттыру, медбикелік күтімді жетілдіру және денсаулық сақтау жүйесінде шығындарды төмендету бағыты бойынша айтарлықтай үлес қосуда. Осы бастамалардың көпшілігі халық денсаулығының нығаюына алып келді.
Бүгінгі таңда Дүниежүзілік медбике күні кәсіптік мерекелер қатарында беделді орынды алады. Қазіргі заманғы медбикелердің міндеттері - отандық денсаулық сақтаудағы ең жақсы дәстүрлерді жоғалтпай, әлемдік тәжірибені игеру.