Астанада ЕҚЫҰ Саммитін өткізу туралы шешім Н.Назарбаевтың жоғары халықаралық беделінің нәтижесі болды - ҚР-дағы БАӘ елшісі Ибраһим Хасан Сейф

АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ибраһим Хасан Сейфпен кездесті.
None
None

Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшісі ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер Сыртқы істер министрліктері кеңесінің Астанада, 2010 жылғы желтоқсанның 1-2-сі күндері осы ірі халықаралық ұйым Саммитін өткізу туралы тамыздың 3-інде қабылданған нақты шешімнің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ол аталмыш шешімнің Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаһандық бастамасы мен жоғарғы халықаралық беделінің нәтижесі болғандығын атап өтті.

Өз кезегінде Нұрлан Нығматулин Ұлт көшбасшысының, партия төрағасының қызметі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы туралы шешімнің қабылданған кезінде ғана маңызды актив болып қоймай, Астана қаласында ұйымға қатысушы елдер Саммитін өткізу туралы шешімнің қабылдануына да мүмкіндік туғызғандығын атап өтті.

Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин қонақты қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар