Астанада ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «ҚазМұнайГаз» кубогы үшін стол теннисінен балалар турнирі өтті
деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, шараның мақсаты - балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын, спорт пен дене шынықтыруды насихаттап, балаларды тенниске барынша баулу болып табылады. Сонымен қатар шара талантты спортшы жастарды анықтап, арнайы Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған жасөспірімдерге арналған мектептерде олардың шеберлігін жетілдіру.
Турнирдің ақпараттық демеушісі - «НұрМедиа» холдингі. Жарысқа Астана қаласындағы мектептер мен гимназиялардан және лицейлерден 50-ге жуық 4 жастан 8 жасқа дейінгі жеткіншектер қатысты. Спорт бәсекесінің ашылу рәсімі салтанатты түрде ұйымдастырылды.
Онда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Бизнесті қолдау жөніндегі басшы менеджері Серікбек Елшібеков «ҚазМұнайГаз» компаниясының Мемлекет басшысының Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту бағытындағы міндеттерін орындау мақсатында, белсенді түрде шаралар ұйымдастырып жүргендігін атап өтті. Ал бүгінгі турнир бізге үлкен байрақты бәсекелерде үміт артатын талантты спортшыларды іріктеуге мүмкіндік береді деген ойдамын», -деп атап көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Теннис федерациясы 2008 жылдан бастап, «Мектеп теннисі бастамасы» жобасын жүзеге асыра бастады. Жобаның басты мақсаты - балалар мен жасөспірімдер арасында теннисті дамыту және насихаттау. Федерация арнайы бағдарлама бойынша республика мектептеріне шағын теннисті енгізуге күш салуда. Бұл бағытта Теннис федерациясының тұрақты серіктесі және бас демеушісі - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы болып отырғандығын атап өткен жөн.