Астанада «Электрондық Үкіметтің бастамалары» атты төртінші халықаралық конференция өтуде

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өтіп жатқан конференцияда еліміздегі «Электрондық Үкімет» жобасын дамыту мәселесі, сондай-ақ Қазақстанның осы салада атқарған жұмыстары талқыланды. ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, бүгіндері елімізде 4,7 млн. интернет пайдаланушылар тіркелген. Олардың 3,1 миллионы ұялы байланыс арқылы ғаламдық торға кіретін азаматтар. Соңғы 4 жылдың ішінде осы саладағы табыстың көлемі 100 миллионнан 400 млрд. теңгеге дейін өсті.
«Қазақстандықтар бұрынғыдай компьютер техникасын алуға емес, көбінесе ақпараттық бағдарламалар мен жаңа технологияларды меңгеруге құмар. Біздің болжамымызға сәйкес еліміздегі жаңа технологиялар индустриясына тиісті қолдау жасаудың арқасында пайданың көлемін 25 пайызға дейін, яғни 1 млрд. долларға дейін жеткізуге болады», деді Қ. Есекеев.
Бүгінгі конференция аясында байланыс саласындағы аймақтық ынтымақтастық жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің үйлестіруші кеңесі жанындағы Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комиссияның оныншы отырысы және «Электрондық Үкіметтің» архитектурасы жөніндегі сарапшылар кеңесінің екінші отырысы өтеді. Сондай-ақ осы салада сан алуан тақырыптағы дөңгелек үстелдер де өткізу жоспарланып отыр.