Астанада Еуроатлантикалық әріптестіктің қауіпсіздік кеңесінің Форумы өтеді

БРЮССЕЛЬ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Осы жылғы маусымның 24-25-інде Астанадағы Тәуелсіздік сарайында НАТО меммлекеттерінің және мүше-елдердің жоғары өкілдерінің қатысуымен Еуроатлантикалық әріптестік қауіпсіздік кеңесінің (ЕАӘК) ІІІ форумы өтеді.
None
None
Оған Альянстың бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер төрағалық етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Алдын ала бағдарламаға сәйкес алғашқы күні ЕАӘҚ елдерінің өкілдеріне жұмыс барысындағы кешкі қонағасы беріледі. Келесі күні ? жалпы отырыстың ашылуы, үш жұмыс тобының жұмыстары және қорытынды жалпы отырыс болады. ЕАӘҚ, танымал БАҚ және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері секция жұмыстарына қатысып, баяндамалар жасайды. Биылғы жылы секцияларда Ауғанстан, Орталық Азия және Кавказ (қауіпсіздіктің аймақтық келешегі), энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланады. Осымен бір мезетте Алматыда маусымның 24-інде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Ғылым бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» атты НАТО бағдарламасы туралы ақпарат күні болады. Ақпарат күні Қазақстан мен аймақтардағы бағдарламаның негізгі жетістіктеріне арналады. Аталған шараның мақсаты ? Орталық Азиядағы ғылым және қауіпсіздік саласындағы бірінші кезектегі міндеттер мен мәселелерді талқылау. Бұл шараға Орталық Азия елдеріндегі билік органдарының өкілдері, ғалымдар мен оқытушылар, сарапшылар және студенттер қатысады. Орталық Азия елдерінің өкілдері «Ғылым бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» бағдарламасына қатысып, оның әрбір елге әкелген пайдасы туралы айтып береді.Бұдан басқа НАТО мемлекеттері мен әріптес-елдер жобаларының тең жетекшілері НАТО бағдарламасы ауқымында жүзеге асырылып жатқан іс-қимылдардың аймақтағы ғылыми қоғамдастық, бейбітшілік пен тұрақтылық үшін қаншалықты қосымша құндылыққа ие екендігін көрсетеді. Бұл Ауғанстанды қосқанда, Орталық Азия мен Кавказдағы, мемлекеттік ғылыми-зерттеу және білім беру торабы арқылы Интернетке қосылуды қамтамасыз ететін, «Виртуалды Жібек жолы» жобаға, сондай-ақ Өзбекстандағы «Меландж» зымыран отынын тотықтандырғышты жоюға да қатысты.
Соңғы жаңалықтар
Референдум