19:05, 24 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Астанада «Евразия» сауда орталығынан өрт шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов «Евразия» сауда орталығындағы өрт фактісін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таңертең «Евразия» сауда орталығынан өрт шықты. Аумағы шамамен екі шаршы метрді құрайды. Біздің күш-құрылымдар келгенше, өртті сауда үйінің қызметкерлері өшіріп үлгерді», - деп түсіндірді Р. Иманқұлов.
Сонымен бірге, ресми өкіл өрттен ешкімнің зардап шекпегенін айтты.
Бұған дейін Фейсбуктегі «Астана - Что? Где? Когда?» тобында «Евразия» сауда орталығындағы өрттің видеосы жарияланған еді.