Астанада Финляндияның Қазақстандағы елшілігі ашылды

аурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада Финляндияның Қазақстандағы елшілігі ашылды. Ресми шараға Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Микко Киннунен, Финляндияның Сыртқы сауда және даму министрі Пааво Вяюрюнен және ҚР Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев қатысты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен үшін Финляндияның Қазақстандағы жаңа елшілігін ресми түрде ашу және сонымен бір мезгілде Финляндия мен Қазақстан арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа дәуіріне серпін беру зор құрмет. Біз Президент Н. Назарбаевқа осыдан бір жыл бұрын Финляндияда берген уәдемізді орындадық. Қазақстандағы елшілікті ашу жөніндегі шешім барлық салалардағы біздердің қарым-қатынастарымызды жылдам дамытуға мүдделі екендігімізді білдіреді», деді ресми шарада Финляндияның Сыртқы сауда және даму министрі П. Вяюрюнен.

Финляндияның Қазақстандағы елшілігі 2009 жылдың күзінде жұмыс істей бастағанын айтқан ол: «Қысқа мерзім ішінде Қазақстанның билік органдарымен, экономика, мәдениет, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен жақсы байланыс орнатылды», деді.

Оның айтуынша, Астанадағы елшілік Финляндияның Қырғызстандағы елшілігі ретінде де қызмет жасайтын болады. «Мен елшіліктің ашылуына үлкен үлес қосқандардың барлықтарына алғысымды білдіремін», деді министр.

Соңғы жаңалықтар