Астанада Халықаралық гуманитарлық құқық бойынша ұлттық орталық ашылады

АСТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ертең, тамыздың 19-ы күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультетінде Халықаралық гуманитарлық құқық бойынша ұлттық орталықтың салтанатты ашулы рәсімі болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Орталық Азиядағы Халықаралық Қызыл крест комитетінің аймақтық өкілділігінің қатысуымен ашылғалы отырған орталықта жас заңгер мамандар халықаралық гуманитарлық құқық бойынша өз білімдерін шыңдап, осы салада еңбек етіп жатқан мемлекеттік қызметкерлер мен ізденушілер қажетті ақпаратты таба алады. Орталықта арнайы кітапхана ашылады. Алдағы уақытта бұл жерде халықаралық гуманитарлық құқық мәселелері бойынша ғылыми конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Ұлттық орталықтың ашылу салтанатына ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Халықаралық Қызыл крест комитетінің Орталық Азия бойынша өңірлік өкілділігінің жаңадан сайланған басшысы Ив Арнольди және Еуразия ұлттық университетінің басшылығы қатысады.

Соңғы жаңалықтар