Астанада халықаралық КТК ойындары өтеді

АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қарашаның 7-сі күні Астанадағы Конгресс Холл сарайында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының кубогі жолында Халықаралық КТК ойындары өтеді.
None
None

 Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-нің Орталық аппаратында өткен брифингте ресми өкіл Оксана Петерс мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ойынға «Максимум» (Томск), «Сок» (Самара), «Триод и Диод» (Смоленск), «Федор Двинятин» (Мәскеу), «Астана. Kz» (Қазақстан) сынды Халықаралық КТК Одағы Жоғары лигасының командалары қатысады.

Ойынды халықаралық КТК Одағының президенті Александр Масляков жүргізеді, қазылар алқасының қатарында Леонид Ярмольник, Юлий Гусман және басқа да танымал адамдар бар.

КТК ойындары «Нұр Отан» ХДП-нің 10 жылдығына арналады.

Соңғы жаңалықтар