Астанада халықаралық шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері талқыланды
«Бұл конференцияның бірегейлігі сол, бүгін біз қауіпсіздік құралдарын шығаратын тараптардан бастап тұтастай жүйенің сан салалары талқылануда. Оның үстіне, бүгін осы нарықтағы адамдар мен компаниялар өзара тəжірибе алмасып, бір-бірімізде жоқ пен бар дүниелерді бөлісе алады. Оның үстіне, ЭКСПО-2017 жəне Универсиада сияқты екі ірі шара да өтетін күн жақын. Сондықтан да,бүгін осындай шаралардың қауіпсіздігіне жауап берген компанияларды шақырып отырмыз»,-дейді «Қазіргі қауіпсіз жүйелері-2015» конференциясын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Руслан Бисенғалиев.
Айта кетейік, конференцияға Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдава,Грузия, Өзбекстан, түркия елдерінен қауіпсіздік сақтау саласындағы 100 компания өкілдері қатысып отыр. Р.Бисенғалиев атап өткендей, былтыр Ресейде алғаш рет өткен бұл конференция өз қажеттілігін көрсете білген.
«Кез келген елде, кез келген ортада болмасын, қауіпсіздік бірінші орында тұру керек. Қауіп-қатерлердің саны көбейген сайын біз оларға төтеп берудің де жолдарын жақсартуға мүдделі болуымыз керек. Осы мүдденің шекарасын кеңейтіп, халықаралық ынтымақтастықты нығайтқаннан ұтылмаймыз, тек ұтамыз», - дейді Р.Бисенғалиев.