Астанада «ХХІ ғасырдағы білім мен ғылым - 2014» халықаралық көрмесіне 100-ден астам университеттің өкілдері келді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Көрме» кешенінде Астанада ХІІ Қазақстандық «ХХІ ғасырдағы білім мен ғылым - 2014» халықаралық көрмесі ашылды.
None
None

Оның жұмысына әлемнің 100-ден астам білім ошақтары мен ұйымдарының өкілдері қатысуда. Олардың ішінде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Германия, Үндістан, Италия, Малайзия, Португалия, Түркия, Финляндия, Чехия, Швейцария, Оңтүстік Корея елдерінің ірі жоғары оқу орындары бар.

«Көрме қатарынан 12-жыл өткізілуде. Жыл сайын бұл шара кеңейіп келеді, жаңа әріптестер қосылуда, халықаралық қатынастар артуда», - дейді ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Жасұлан Шаймарданов.

26-29 қараша аралығында өтетін көрмеде мектепке дейінгі, орта, орта арнайы, жоғары және қосымша кәсіби білім, ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдары, шетелде білім алу, шетелдегі жекеменшікті мектеп-пансиондар, шетелдік ЖОО-ларда оқуға стипендиялар мен гранттар туралы ақпарат, халықаралық емтихандарға (TOEFL, IELTS, GMAT, GRE) дайындалу, шетелде сынақ ісінен өту секілді бөлімдер қамтылады.

Соңғы жаңалықтар