Астанада Канада-Қазақстан Іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өтті (ФОТО)

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы басқармасының төрағасы Руслан Сұлтанов атап өткендей, бұрынғы кеңес елдері арасында Қазақстан Канаданың басты сауда әріптесі. Қазақстан 2013 жылы Канаданың федералды үкіметі қабылдаған «Шетел нарықтарындағы іс-әрекеттердің жаһандық жоспарының» тізіміне енген.
«Жалпы, екі ел арасындағы тауар айналымы 2012-2014 жылдары 7 млрд доллардан асқан. Канаданың Сыртқы істер, сауда және даму министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 1994-2013 жылдары Канаданың Қазақстанға құйған инвестициясының көлемі 16 млрд долларды құраған. 2010-2014 жылдардың өзін алып қарасақ, Канада 11 млрд доллар инвестиция салған», - деді Р.Сұлтанов.
Іскерлік кеңестің Қазақстан жағынан тең төрағасы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев болса, Канада жағынан - «Cameco» корпорациясының президенті Тимоти Гитцель.