07:02, 28 Сәуір 2013 | GMT +5
Астанада «Қазақстан - 2050» Стратегиясына қатысты қала әкімі И.Тасмағамбетовпен интернет-конференция өтеді
АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 29-30 сәуірі күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін www.e-gov.kz сайтында

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру, сондай-ақ оның басым бағыттарының Астана қаласында іске асырылуы туралы елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен интернет-конференция өтеді.