Астанада Қазақстан бокс федерациясының кубогының ақтық сыны өтуде
Шаршы алаңда Қарағанды және Маңғыстау облыстарының құрамалары кездесуде.
Жарыс үйлестірушісі Берік Маржықбаевтің хабарлағанындай, ҚР Қазақстан бокс федерациясы Кубогінің иегері өзімен бірге 50 мың АҚШ доллары шамасындағы сыйақыны да алып кетеді.
Кубок үшін жарыстар үстіміздегі жылдың 1-2 қазанында басталған болатын. Қазақстан бокс федерациясының кубогы үшін жарысқа 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларының боксшылары Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс болып, төрт аймақтық дивизионға бөлініп, командалық сынға түсті. Естерңізде болса, Кубоктің былтырғы жеңімпазы Астана қаласының құрамасы доданың алғашқы сатысында Алматы облысына 8:2 есебімен жол беріп, күтпеген жерде жарыстан шығып қалған еді.
«Осы жарыста Қазақстан федерациясының көзіне бірқатар жас қарымды боксшылар түсті. Оның ішінде Қарағанды облысының құрамасында 91 кг салмақта өнер көрсететін Алексей Севастьянов, аса ауыр салмақтағы Артем Василенок, Маңғыстау облысынан Әли Байбозовты ерекше атар едім», - дейді ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Болат Әбдрахманов.
Жарыс ережелері АИБА белгілеген олимпиадалық жүйенің негізінде жүргізілeді.