Астанада Қазақстан халқы достығының фестивалі басталды

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Кенжекей Тоқтамұрат/ - Бүгін Астанадағы «Жастар» сарайында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Мақсаты бірдің - рухы бір» атты Қазақстан халқы достығының фестивалі басталды.
None
None

Фестивальді Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, Астана қаласының мәдениет басқармасы ұйымдастырып отыр.

Іс-шара мақсаты этномәдени бірлестіктер өкілдерінің ана тілінде еркін шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік туғызу, туған мәдениетке, дәстүр мен салтқа құрмет көрсету болып табылады.

Фестивальға қатысу құқығына ие болған елордадағы жиырмадан астам этномәдени бірлестіктер 2 күн бойы қазылар алқасы мен көрермендерге өз өнерлерін көрсетеді. Этномәдени орталықтардың ең үздік қойылымдары Астанада 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өтетін мерекелік шара барысында сахналанатын болады.

«Әрбір халық, әрбір ұлт қай елде жүрсе де өз болмысын жоғалтпауы керек. Қазақстан 100-ден астам ұлттың Отанына айналды және қазақ елі әрбір ұлттың өнеріне, салтына әр уақытта құрметпен қарап, қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі фестиваль соның бір айғағы», - дейді қазылар алқасының мүшесі ҚР Мәдениет қайраткері, «Наз» би театрының көркемдік жетекшісі Хадиша Ермекбаева.

Фестиваль 22 сәуір күні қаланың барлық этномәдени орталықтарының қатысуымен өтетін гала-концертпен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар