Астанада Қазақстан мақтана алатын тауарлардың көрмесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4-5 желтоқсан күндері Астанадағы «Көрме» орталығында Қазақстан мақтана алатын отандық тауарлардың көрмесі өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтен соң журналистердің сұрағына жауап бере отырып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев мәлім етті.
None
None

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 4-5 желтоқсан күндері Қазақстан мақтана алатын отандық тауарлардың көрмесін ұйымдастырады. Көбінесе, халық Қазақстанның кәсіпорындары мен өнеркәсіптері шығарып жатқан өнімдер туралы көп біле бермейді. Сондықтан, осында ауқымды көрме ұйымдастырып, халыққа Қазақстанның қай өңірі қандай өнім шығарып жатқанын, ол отандық өнімді қайдан сатып алуға болатынын көрсеткіміз келеді»,-дейді ол.

Жалпы, Н.Әлтаевтың хабарлауынша, көрмеге 200-ден астам тауар өндіруші қатысады деп күтілуде.

«Көрмеге 200-ден аса тауар өндіруші қатысады. Көрме аясында біраз шенеуніктер мен кәсіпкерлер қатысатын форум өткізу жоспарланып отыр. Форум аясында тендерға ашық әрі жариялы түрде, отандық өндірушілерді қолдай отырып қатысатын тапсырыс берушілерді марапаттаймыз»,-деп хабарлады ол.

Н.Әлтаев қазір форум жұмысына ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысу мүмкіндігі талқыланып жатқанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар