Астанада Қазақстан мен Австрия сыртқы саясат ведомстволарының елшілік қызметтері арасында кеңес болып өтті

АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы Сыртқы істер министрлігі елшілік қызметтері арасында кеңес болып өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сәуірдің 29-ы күні болған келіссөздерде қазақстандық делегацияны СІМ жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев, австриялық делегацияны консулдық-құқықтық департаменттің директоры - Федералды сыртқы істер министірінің елшісі Элизабет Тихи-Фислбергер басқарды.

Екі жақ Қазақстан азаматтарына виза толтыру үдерісін жеңілдету, астыртын көші-қон мен адам саудасы, заңсыз есірткі тасымалдау, азаматтыққа қатысты мәселелерді тәртіпке келтіру бойынша пікір алмасты.

Кеңестің қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар