Астанада Қазақстан мен Кореяның мамандары екі елдегі тұрғын үй құрылысы мәселелерін талқылауда

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Семинарға қатысушы қазақстандық тарапты Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Серік Нокин бастаса, Кореяның тұрғын үй кепілдігі қауымдастығының, жер және тұрғын үй корпорациясының, тұрғын үйді қадағалау қауымдастығы мен осы саладағы басқа да органдардың өкілдеріне Жер, транспорт және теңіз істері министрлігі Тұрғын үй саясаты департаментінің бастығы До Тэ Хо мен Қазақстандағы Корей Республикасының Елшісі Ли Бен-хва төрағалық етті.
Басқосу барысында Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу, құрылыс сапасын тексеру және тұрғын үйді тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері қозғалды. Өз кезегінде корейлік делегация Кореядағы тұрғын үйді жалға алу кепілдігі мен оның болашағы және құрылысты тексеру жүйесі жайында әңгімелеп берді.