Астанада Қазақстан мен Қырғызстан Үкімет басшылары келіссөздер жүргізуде

;АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Қырғызстан Премьер-Министрі Данияр Үсенов келіссөздер жүргізді,
None
None

деп  хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда К. Мәсімов Қазақстан мен Қырғызстан арасында достық қарым-қатынас қалыптасқанын айта келе: «Екі елдің үкіметтері арасындағы бірқатар мәселелер топтамасы біздің елдердің халықтары үшін өте маңызды. Бұлар - энергетика, су ресурстары, өзара сауда-саттық мәселелері. Бүгін біз осы мәселелерді талқылап, қандайда бір шешімдер қабылдаймыз деп ойлаймын», деді.

Өз кезегінде қырғыз премьері Д. Үсенов Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы көптеген мәселелерді анықтап, нүкте қоятын уақыт келгенін атап көрсетті. Осы сәттерде Үкімет басшылары екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар