15:04, 13 Қазан 2012 | GMT +5
Астанада Қазақстан мен Ресей арасындағы консулдық-құқықтық мәселелер бойынша консультациялар өтті
АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - 11 қазан күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы консулдық-құқықтық мәселелер бойынша кезекті консультациялар өтті.
Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Аталған іс-шара барысында 1994 жылғы 28 наурыздағы ҚР мен РФ арасындағы консулдық конвенция және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер жөніндегі құқықтық қатынастар және құқықтық көмек туралы конвенция ережелерінің орындалуы, екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері, екі ел азаматтарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуі барысында туындайтын проблемалар және екі тарапқа ортақ өзге өзекті мәселелер талқыланды.
Консультациялар өзара түсіністік пен достық жағдайында өтті. Келіссөздердің нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтар бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.