Астанада Қазақстан мен Ресей суретшілерінің көрмесі ашылды
«Қайталанбас пейзаждар көрмесіне Қазіргі заманғы өнер мұражайының жинағынан 26 туынды ұсынылып отыр. Пейзаждар адамның Отанға деген ыстық ықыласын анық беріп, патроиоттыққа тәрбиелейді», - дейді Астана қалалық Қазіргі заманғы өнер мұражайының директоры Нелли Шиврина.
Көрмеге қазақстандық 11 суретшінің 1937-2007 жылдар аралығында салынған 13 картинасы қойылған. Олардың арасында ҚазКСР халық суретшісі, Алматыдағы Мемлекеттік өнер мұражайына аты берілген атақты суретші Әбілхан Қастеев, ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасының халық суретшісі Жаңатай Шәрденов және басқа да суретшілердің туындылары бар. Сондай-ақ, Ресейдің 12 суретшісінің 13 суреті ілінген. Олардың арасында атақты суретшілер Генрих Манизер, Николай Тимков және басқа да қылқалам шеберлерінің қолынан шыққан картиналар бар.