Астанада Қазақстан мен жаңа Түркияның адамзат өркениетіне қосқан үлесі талқыланады

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - 1 наурызда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 20 жылдығы: өткені, бүгіні және ертеңі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
None
None

Конференцияның негізгі мақсаты - Қазақстан мен Түркияның  дипломатиялық қарым-қатынасы және «Астана - түркі дүниесінің мәдени астанасы» шарасы аясында екі елдің тарихи орны мен әлемнің бейбіт дамуындағы қос мемлекеттің рөлін байыптау.

Мемлекетшілдікті жаңғырту жолындағы, тәуелсіздік бастауындағы бастамашыл еңбектерді кешегі, бүгінгі түрік және қазақ қайраткерлері мұрасы арқылы зерделеу. Сондай-ақ саясат пен парасат, тарихи ел бірлігі мен бүгінгі ел бірлігі тұжырымдамаларын сабақтастырып, Қазақстан мен жаңа Түркияның адамзат өркениетіне қосқан үлесін қарастыру.

Конференцияда Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Лале Үлкер құттықтау сөз сөйлеп, Түркия Елшілігінің Сауда Істері бойынша кеңесшісі Біләл Йешилташ, ҚР Президенті баспасөз хатшысының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Диқан Қамзабекұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түрік филологиясы бөлімінің профессоры Мехмет Арслан баяндама жасайды.

Соңғы жаңалықтар