Астанада Қазақстан Президентінің қатысуымен Еуразия медиа форумы жұмысын бастады

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өз жұмысын бастаған Еуразия медиа форумына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі.
None
None

Форумның салтанатты ашылуында Елбасы, ең алдымен, мәртебелі меймандарға: «Қазақ жеріне қош келдіңіздер!», - деп сөз бастады. «Осымен екінші жыл Еуразиялық форум біздің жаңа елордамыз Астанада өтіп жатыр. Оның ішінде жаңа медиаорталықта бүгін бас қосып отырмыз. Осылайша, Астананың өзі Еуразия кеңістігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығына айналып отырғанын көрсетуде», - деді Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, өзінің 11 жылдығы тарихында Еуразия медиа форумы саясаткерлер мен сарапшылардың, журналистер қауымының пікір алмасу алаңына айналды.

«Мен бүгінгі форумға қатысушылар тізімімен танысып шықтым, аса танымал саясаткерлер, журналистер бар. Баршаларыңыздың жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар