Астанада Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының өткені мен бүгінін саралайтын халықаралық дөңгелек үстел өтуде

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Еуразияның этностық-мәдени үдерістеріндегі қазақстан-ресей қарым-қатынастары: тарихы мен бүгінгі жағдайы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
None
None

Оған қазақстандық және ресейлік ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ, ҚР Президент әкімшілігі, ҚР Парламенті өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел модераторлары Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов пен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Азия және Африка елдері институтының президенті Михаил Майер қазақстан-ресей қарым-қатынастарын кең тұрғыда қамтитын тақырыптарды ортаға салды.

«Қазақстан-Ресей елдерінің жүріп өткен тарихи жолдары, олардың қарым-қатынастары - ғаламдық мәселелерді түсінудің негізі іспеттес. Кеден одағы құрылғаннан кейін екі елдің қарым-қатынасы бұрынғыдан да күшейе түсті. Енді Бірыңғай экономикалық кеңістік құрылса, одан да жоғары сатыға көтерілетін боламыз», - деп атап өтті тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов.

Соңғы жаңалықтар