Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңажылдық шырша мерекесі өтті

 Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар үйлері мен интернаттардың тәрбиеленушілеріне арналған Жаңа жыл шыршасы меркесі өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы Н.Назарбаевтың мерекелік құттықтауын биыл барлық аймақтар мен Алматы және Астана қалаларында бір мезгілде өтіп жатқан «президенттік шыршаға» қатысушы балалар видеожелі арқылы тыңдап-тамашалады.  

«Жарқын жүздерің балбұл жанған сендерді, сендер арқылы бүкіл қазақстандық балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын. Азат, жасампаз елде гүлдей жайнап, балалықтың базарлы шағын бастан кешкен сендер бақытты ұрпақсыңдар.Мемлекет сендердің терең білім алып, алаңсыз өсулерің үшін барлық жағдайды жасауда. Асыл армандарыңды шындыққа айналдыру үшін дарынды балаларға арналған мектептер ашылып, еліміздің барлық өңірлерінде думанды орталықтар салынды. Біздің халқымыз: «талаптыға - нұр жауады» деген. Сендер талапты да талантты, батыл да алғыр, зерек те зерделі болып өсіңдер», - деді Мемлекет басшысы.

 Айта кетейік, елордалық «президенттік шыршаға» 9 бен 13 жас аралығындағы барлығы 150 бала қатысты. Жас қонақтар үшін мереке - достықтың ертегі әлеміне бастайтын қызықты саяхаттан басталды. Олар бақыттың құпиясы жасырылған Алтын кітапты іздеп, жол бойы әлем халқы ертегілеріндегі кейіпкерлерге жолықты. Саяхат соңы бүлдіршіндерді жаңажылдық шырша, Аяз ата мен Ақшақар тосып отырған әсем залға алып келді. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан көпұлтты елдің нышаны ретінде балақайлар Қазақстанды мекендеген түрлі ұлт өкілдерінің әндерін шырқап, билерін биледі.

 Мерекелік шара «тәтті» дастарханмен аяқталды. Шыршаға қатысқан әр бала сыйлыққа ноутбук, мектепке қажетті құралдар салынған портфельдер мен арқа сөмкелерін, сондай-ақ тәттіге толы қалталар алды.

Соңғы жаңалықтар