Астанада «Қазақстандық жастардың инновациялық дамудағы орны» республикалық дөңгелек үстелі өтеді

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - 19 қараша күні «Қазақстандық жастардың инновациялық дамудағы орны» тақырыбында республикалық дөңгелек үстелі өткізіледі. Іс-шараны Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен «Болашақ» қауымдастығы өткізеді.
None
None

Бұл туралы «Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстандық жастардың инновациялық дамудағы орны» республикалық дөңгелек үстелінің өткізілуі Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының II Съезінде атап өткен басты қағидаларына сәйкес келеді.

Іс-шараға жас инноваторлар, инновациялық және ғылыми педагогикалық қоғамдастықтың, даму институттарының, ұлттық компаниялардың, жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Республикалық дөңгелек үстелге «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының инновациялық комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, «Болашақ» стипендиясының түлегі Нұрлан Кеңесов, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ инновациялық үрдістерді жетелеу сараптамалық орталығының директоры, «Болашақ» стипендиясының түлегі Жұматай Сәлімов, «Атамекен» ҰЭП жастар кәсіпкерлігі департаментінің директоры Рахат Тұрлыханов, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ инновациялық саясат департаментінің бас менеджері,  «Болашақ» стипендиясының түлегі Дәурен Мәкенов, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ әлеуметтік қызмет басқармасының басшысы Қорлан Медиханова, С.Торайғыров атындағы ПМУ оқытушысы, экономика ғылымдары кандидаты, доцент Сәуле Рақымова,  Алматы облысының жастар саясаты орталығының әлеуметтік қызмет бөлімінің басшысы Гүлмира Оспанова қатысады.

  

Соңғы жаңалықтар