Астанада Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы талқылануда
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің басым бағыттарына арналған Үндеуі аясында өтіп жатқан конференцияда ҚР Сенат және Парламент Мәжілісінің депутаттары, елшілер, ресми тұлғалар және университет оқытушылары мен студенттері қатысуда.
«Бүгінгі тарих көрсетіп отырғандай, Қазақстан жерінде бұған дейін де көптеген діндер мен ұлттар татулық пен бейбітшілікте өмір сүрген. Мінеки, бұл ұлттық қасиетті біз осы күнге дейін жеткізіп, сақтап келеміз. Осының арқасында еліміздегі сан алуан ұлттар мен ұлыстар достық байланыста өмір сүруде. Ал Қазақстанда жыл сайын өтетін Діндер съезі біздің қол жетікзген үлкен жетістіктердің жарқын көрінісі болса керек. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төраға болып тағайындалуы - үлкен мәртебе. Біз Батыс пен Шығыстың арасындағы көпір істепеттеспіз. Бұл көпір мәдени-рухани және діни байланыстардың жолы болуы тиіс», - деді конференцияның кіріспе сөзінде университет ректоры, профессор Бақытжан Әбдірайым.