Астанада Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұйытқы болуымен Днестр бойы проблемасы бойынша келіссөз өтеді

nbsp;КИШИНЭУ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - 2010 жылдың мамыр айында Астанада Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұйытқы болуымен Днестр бойы проблемасын үйлестіру бойынша келіссөз өтеді.
None
None

Бұл туралы бейсенбі, сәуірдің 1-і күні Кишинэуде болған кездесуде ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы -сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен Молдован Премьер-министрінің орынбасары -сыртқы істер және еуропалық ықпалдастық министрі Юрие Лянкэ мәлім етті.

Екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін сөйлеген сөзінде Ю. Лянкэ, Астанадағы келіссөздің «5+2» форматында өтетін мәлім етті.

Ол сондай-ақ Тирасполь мен Кишинэудің арасындағы диалогты жандандыру мүмкіндігіндегі белсенділігі үшін Қазақстан тарабына алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, дау-дамайды реттеу жөніндегі «5+2» тобына Молдова мен Днестр бойы, АҚШ, Ресей, Украина, Еуроодақ және ЕҚЫҰ кіреді.

Соңғы жаңалықтар