Астанада «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы» атты тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанадағы Қазақстан-Ресей университетінде «Насихат - Астана» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы» атты тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өтті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын барысында еліміздің ғалымдары мен жоғары оқу орындарының ұстаздары Қазақстанның ЕҚЫҰ-ы сияқты беделді халықаралық ұйымға төрағалығының болашағы мен оның елімізге және ондағы түрлі салалардың ықпалына қатысты арнайы баяндамалар жасап, пікір алмасты. Сондай-ақ олар жиында студент жастардың аталмыш мәселеге байланысты толғандырған сауалдарына жауап берді.  

Жиынға қатысушылардың баяндамаларында көтерілген мәселелер мен ұсыныс пікірлерге сенсек, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етудегі басты мақсат еуразия кеңістігінде тұрақтылық пен ынтымақтың салтанат құруын қамтамасыз ету. Қазақстан қазір аталмыш ұйымды әскери-саяси, гуманитарлық, экономикалық, экологиялық және өзге де көптеген салалар бойынша қалыптасқан мәселелерді шешудегі превентивті дипломатия құралы ретінде қарастырып отыр.

Шараны ұйымдастырушылар онда көтерілген мәселелер негізінде арнайы баяндамалар жинағын дайындайды.

Соңғы жаңалықтар