Астанада Қазақстанның шетелдік студенттік ұйымдарының ІІ слеті болады

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісімен әңгімесінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Ғалия Досмұхамбетова айтып берді.
Оның айтуынша, біздің студенттеріміз шет елдерде бірнеше жыл тұрады және оқиды, сондықтан да олар Қазақстаннан тыс қалғандай әсерде болады. «Осыған байланысты студенттердің топтасуы үшін біз өткен жылы Қазақстанның шетелдік студенттік ұйымдарының бірінші слетін өткізуге бастамашы болды. Шара барысында өзара тәжірибе алмасу үшін бірыңғай ақпараттық алаң құруға тырыстық, бұл олардың бір-бір бірімен хабарласып тұруына да жақсы».
«Біздің бұл идеямыз сәтті болып шықты, оны балалардың өздері де қолдады. Олар бір-бірімен байланыс жасап, шетелдік қазақстандық студенттер ұйымдарының арасынан жаңа достар тапты», деп атап өтті Ғ.Досмұхамбетова.
Вице-президенттің айтуынша, биылғы слет тренингілер форматында өтпек. Оған қоғамдық жұмыста тәжірибелі жастарды шақыру жоспарлануда, олар белсенділермен тренингілер өткізіп, қалай тәлімгер болу қажет дегендей өз тәжірибелерімен және пікірлерімен бөліседі.
Сонымен бірге слетте бірқатар студенттік ұйымдарды бірыңғай қауымдастыққа біріктіру жөніндегі қытай жобасы таныстырылады. «Біз оның жақсы мысалын Қытайдан көріп отырмыз. Бір елде студенттік хаб құрылады да, қалалар мен университеттерде оның өкілдіктері болады. Бұл шетелдердегі студенттік ұйымдарды дамытудың дұрыс жолы. Мұндай тәжірибе АҚШ-та бар, өткен жылы онда 16 ұйымды біріктіретін қазақстандық студенттер альянсы құрылды. Қазір біз жобаны Қытайда жүзеге асырудамыз, одан әрі Еуропаға бет түзейміз», деп атап өтті вице-президент.
Биылғы жылы ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығы аталып өтіледі., деп еске салды ол. Г.Досмұхамбетова бұдан әрі осы оқиғаға орай бірнеше шаралар көзделгенін айтты, олардың бірқатары қазірдің өзінде өткізілді де. Мәселен, Астанада ғылыми-практикалық конференция және халықаралық білім көрмесі өтті. Бірқатар елдерде Наурыз мейрамы кең ауқымда мерекеленді7 Сәуір айында Қытайда қазақстандық студенттердің құрылтайы болды, оның қорытындысында Қытайда қазақстандық бірыңғай студенттер альянсы құрылды. Жазда Астанада Қазақстанның шетелдік студенттер ұйымдарының ІІ слеті өтеді. Бірқатар көрмелер ұйымдастырылмақ. Ал күзде бос орындар жәрмеңкесі жоспарлануда. Сондай-ақ «Болашақтың» бұрынғы студенттерінің 20 бейнедәрістерінің рөлигі таныстырылады. Шараның финалыда «Болашақ» стипендиясының 20 жылдығына арналған форум өтеді, оған Мемлекет басшысының қатысуы күтілуде.
Еске сала кетейік, өткен жылы Астанада Қазақстанның шетелдік студенттер ұйымдарының І слеті өтті. Онда Назарбаев Университетінің қабырғасында АҚШ, ҚХР, РФ, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Австрия, Канада, Чехия, Испания, Малайзия, Корея елдеріндегі 67 студенттік ұйымдардан 200 делегат жиналды.