Астанада кен өндірудің ашықтығы бастамасын жүзеге асырушылар арасында семинар басталды

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін елордада Қазақстандағы кен өндіру саласының ашықтығы бастамасын жүзеге асырушылардың семинары басталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталмыш шараны АҚШ-тың Revenue Wath (Салықтық қадағалау) Сорос-Қазақстан қоры мен Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастыруда. Кеңеске Парламент депутаттары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен кен өндіру кәсіпорындарының өкілдері қатысуда. Отырыс барысында күн тәртібіндегі мәселе жөнінде сөз қозғаған Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша, Қазақстандағы кен өндіру саласының ашықтығы бастамасына қатысты шаралар 4 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. «Бүгінде бұл бағытта бізде біршама проблемалар да бар. Айталық, бізге қазір осы жұмыстар бойынша тиісті ақпараттар жетіспейді. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі басқосуды дер кезінде ұйымдастырылып отырған жиын деуге болады. Баршаға мәлім, Елбасымыз кен өндіру саласының ашықтығы бастамасына қосылуды 2005 жылы жариялаған болатын. Осыған орай бастамаға елімізден 66 мұнай-газ компаниялары мен 44 тау-кен өндіру компаниялары атсалысуда. Сонымен қатар осы мәселеге байланысты Ұлттық кеңес те құрылып, 2005 және 2006 жылдардың қорытындылары жасалды», - деді вице-министр. Оның сөзіне қарағанда, биыл еліміз валидация талаптарына сәйкестік жөніндегі арнайы тестен өтуі керек болатын. «Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша біз бұрындары қаржы жағынан біршама қиындықтар көріп келген болсақ, ағымдағы жылы Үкімет қосымша қомақты қаржы бөлді. Жалпы валидация, яғни бағалау шаралары бойынша атқарылып жатқан іс те, қосымша сауалдар тудырып отырған жайттар да бар. Бүгін біз ол проблемалардың барлығын бүге-шігесіне дейін саралаймыз. Сондықтан мен маңызды мәселені талқылауға қатысып отырған шет елдерден келген әріптестеріме үлкен алғысымды білдіремін», - деді министрдің орынбасары. Семинарға қатысушылар валидация мәселелері бойынша екі күн бойы пікір алмаспақ.
Соңғы жаңалықтар
Референдум