Астанада Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысы ішінара жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Д.Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізеді.

жол
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

— Осыған байланысты 20 шілдеде аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.  Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет, — делінген хабарламада.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

жол жөндеу жұмыстары
Фото: Астана әкімдігі

Бұған дейін Астанада құрылыс алаңында кран аударылып, жұмысшы қаза тапқаны туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар