Астанада ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Республикалық бюджет комиссиясының алғашқы отырысы өтті
деп хабарлайды ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі.
Республикалық бюджет комиссиясының отырысында 2010 жылға арналған республикалық бюджеттің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері мен параметрлерінің болжамы нақыланды, «2010-2012 жылдарға арналған Қазақстан Рспубликасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2009 жылғы бюджет қаражатының қалдығы есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы мөлшерін ұлғайту және пайдаланылған (толық пайдаланылмаған) сомалар, 2009 жылғы республикалық бюджетке бөлінген мақсатты трансферттер сомасының пайдаланылуы (толық пайдаланылмауы)» туралы қаулысы қаралып, мақұлданды.
Сондай-ақ комиссия шығындарды ұлғайтуды немесе республикалық бюджетке түсімдерді қысқаруды көздейтін нормативтік құқықтық актілерге талдау нәтижелері бойынша материалдарды қарап мақұлдады және Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 500/220 кВ-тық Алма кіші стансысы құрылысын Ұлттық электр жүйесіне қосу» жобасына 2010 жылы мемлекеттік кепілдік беру туралы мәселе қарады.