14:25, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Астанада ҚР Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарымен кездесті
АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кнут Воллебекпен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жоғарғы комиссардың айтуынша, кездесу барысында М. Тәжинмен алдағы жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуі кезіндегі басым бағыттары сөз болған.
«Қазақстанның жақында ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі өте маңызды. Себебі бұл ЕҚЫҰ-ның тек батыс елдерімен ғана емес, Владивостоктан бастап Ванкуверге дейінгі аумақта жұмыс істейтінін көрсетіп отыр», - деді ол.
Қазақстанның бейбітшілік пен келісім жағдайындағы тәжірибесі дүниежүзі елдері үшін пайдалы болатынын жеткізген К. Воллебек, Қазақстандағы тіл мәселесі, заңнамалық билік органдарында аз ұлттардың болуы, көп ұлтты және көп мәдениетті қоғам жағдайында ықпалдастық мәселелері тұрғысында шешіліп жатқан шаралардың маңыздылығына тоқталды. Бұл мәселелер қоғамдағы тұрақтылықты және бірлікті сақтауда елеулі шаралар болып табылатынын айтып өтті.