Астанада қытай-қазақстан іскер топтары форумы ауқымында бірқатар құжаттарға қол қойылды

Дүйсенбі күні, 26 қыркүйекте қытай-қазақстан іскерлік топтарының форумы болды, оны ҚХР коммерция министрлігі, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі және «Каznex invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агентігі» АҚ ұйымдастырды.
Форум жұмысына Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы У.Банго, ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжоу Ли, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры басқарма төрағасының орынбасары Айдан Кәрібжанов, сондай-ақ Қытай елшілігінің дипломаттары және екі ел компанияларының өкілдері қатысты.
Форум ауқымында Қазақстан Үкіметіне ҚХР Үкіметінің қайтарымсыз көмегі ретінде техникалық жәрдем көрсету туралы келісімге қол қойылды. Қазақстандық тараптан құжатқа вице-премьер-индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, қытай тарапынан - БХӨЖ Тұрақты комитетінің төрағасы У.Банго қол қойды.
Бұдан басқа, «Aktau Cement Plant» ЖШС-ның «Маңғыстау цемент зауыты құрылысы» инвестициялық жобасы бойынша екі жақты келісімдерге және «Қазақстан-Қытай» газ құбырының 1 учаскесінің «С» тармағын жобалау, қаржыландыру, құрылысы және пайдалануды ұйымдастырудың негізгі ұстанымдары туралы», сондай-ақ «Қазсода» ЖШС мен «Чжун Хан» компанияларының «Қуаты жылына 400 мың тонналық кальцийленген сода шығару жөніндегі зауыт құрылысы» жобасын жүзеге асыру жөніндегі өзара ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылды.