Астанада «Медицина практикасындағы - ғылыми жетістіктер» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Медицина практикасындағы - ғылыми жетістіктер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді,
None
None

деп хабарлады «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ баспасөз қызметінен.

Мәслихатты өткізудің мақсаты Қазақстанның практикасына диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін енгізу беталысын талқылауға арналған пікірталас алаңын құру болып табылады.

Конференцияда клиникалық медицинада вирустық гепатиттерді, онкологиялық және басқа да ауруларды зертханалық диагностикалаудағы заманауи ғылыми жетістіктерді қолдану мәселесі талқыланатын болады. Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар зертханалық үрдістердің сапасын және зертханалық диагностикалаудың экономикалық тиімділігін басқару мәселесін қозғамақ.

Іс-шараға Европадан келген ғалымдар, онкология, кардиохирургия, гастроэнтерология, реаниматология, жалпы терапия, зертханалық диагностикалау және т.б. салаларда қызмет атқаратын қазақстандық мамандар қатысады.

«Медицина практикасындағы - ғылыми жетістіктер» конференциясын өткізу тәжірибеде үйреніп жүрген дәрігер-клиницистер мен зертханалық диагностика дәрігерлеріне Еуропаны, АҚШ пен ҚР-ның әлемге әйгілі ғалымдары мен алдыңғы қатарлы мамандарынан диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін енгізу тәжірибесі туралы озық ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар