Астанада «Мектептегі көшбасшылық пен басқару 2012» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - 15 қарашада Астанадағы Оқушылар сарайында «Мектептегі көшбасшылық пен басқару 2012» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді, деп хабарлады «Назарбаев зияткерлік мектептері» білім ұйымы.
None
None

Оның жұмысына ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов қатысады.

«Назарбаев зияткерлік мектептері» халықаралық озат  тәжірибені жалпы білім беру ортасына кеңінен таратуда. Мұнда көшбасшылық дағдыларды меңгерген оқушылар, мұғалімдер және жаттықтырушылар даярлануда. Қазіргі заманауи мектепте көшбасшылық тақырыбының маңызы арта түсуде. Кәсіби педагогикалық қоғамдастықты құруда менеджмент пен басқару маңызды рөл атқарады. Конференция қатысушылары алғаш рет осы өзекті мәселені жан-жақты талқыламақ.  

Оған 300-ден астам қатысушы бас қосады деп күтілуде. Олардың арасында елімізден басқа, Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Бельгия, Эстония, Финляндия, Жапония, Үндістан, Филиппин және басқа да елдерден білім саласындағы топ-менеджерлер, сарапшылар зерттеушілер, осы шараны ұйымдастырып отырған «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» әріптестері болмақ.

 

Соңғы жаңалықтар