Астанада мемлекеттік қызметкерлер үшін үкіметтік емес ұйымдармен өзара тиімді әрекеттестік бойынша семинар-тренинг өтіп жатыр

Аталған тренинг азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттестік саласындағы біліктілікті арттыру бойынша оқыту семинарлардың сериясына кіреді. Оған ҚР ДСӘДМ, ҚР БҒМ, ҚР ІІМ, ҚР ӘМ, ҚР АШМ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің және ҚР ЭМ мен ҚР СІМ өкілдері қатысты.
«Аталған тренинг коммерциялық емес ұйымдармен тиімді әрекеттестік бойынша мемлекеттік шенеуніктерді оқыту бойынша жоба аясында өтіп жатыр. Оны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Азаматтық Альянсы өткізуде. Ол үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік саласында мемлекеттік шенеуніктердің әлеуетін арттыруға бағытталған. Аталған семинар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландыру саласындағы машығы мен білімін жақсартуға бағытталған. Кей аймақтарда, тіпті биліктің орталық органдарында коммерциялық емес ұйымдармен қалай жұмыс жасау керектігін дұрыс түсінбейтін шенеуніктер кездеседі. Бұл аталған саладағы негізгі мәселелердің бірі. Тренинг мемлекеттік шенеуніктердің коммерциялық емес ұйымдар немен айналысатынын дұрыс түсініп, үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен елімізде стратегиялық бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруға үйретеді», - деді семинар жаттықтырушысы Махаббат Еспенова.
Жалпы шараға шамамен 40 адам қатысып жатыр. Ал тренинг интерактивті пішінде құрылған. Оның ішінде топтағы жұмыс пен «сұрақ-жауап» сессиясы бар.