Астанада «Нұр Отан»: 10 жыл ? жетістіктер мен табыстар» атты көрме ашылды

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін Астана қаласының Ұлттық мұрағаты «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Есіл аудандық филиалымен бірлесіп партияның 10 жылдық мерейтойына арналған «Нұр Отан»: 10 жыл – жетістіктер мен табыстар» атты көрмесін ашты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Көрменің ашылу рәсіміне партия басшылары, ардагерлері мен белсенді мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметтің қызметкерлері, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты.Құрамы жағынан көрме ерекше сипатқа ие. Онда мұрағат құжаттары мен материалдары негізінде партияның құрылу кезеңінен бастап қазіргі күнге дейінгі қызметі бейнеленеді. Мәселен, аталған құжаттардың қатарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Отан» республикалық партиясының Орталық атқару аппаратының бастауыш партия ұйымына қабылдау туралы жазған өтініші, Мемлекет басшысының №000001 куәлігі мен есеп кітапшасы, партияға қабылдау туралы арызы, «Отан» республикалық партиясы І съезінің стенограммасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы кітаптар және тағы басқалар бар. Барлығы көрмеге 300-ден астам құжаттар мен материалдар, оның ішінде 163 құжат, 21 кітап және 40 фотобейнеқұжаттар, 25 брошюра, 5 CD таспасы іріктеліп алынған.Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш көрмеге оқушылар мен студенттердің келу кестесін құру жоспарланып отыр. «Нұр Отан» партиясының 10 жылдығына арналған көрме келем деушілерге 6 ай бойы ашық болады.
Соңғы жаңалықтар