Астанада өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі өсуде
«2013 жылдың қаңтар-наурыз айларында өндіріс өнімдері (тауарлар мен қызметтер) 67,6 млрд. теңге болып, өндіріс өнімдері көлемінің нақты индексі 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 2013 жылдың қаңтар-наурыз айларында - 131,2%ға жетті», - деп нақтылайды ведомстводан.
Өңдеуші өндіріс өнімдері көлемінің нақты индексі 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 32,0%-ға ұлғайып, қазіргі бағада 54,1 млрд. теңгені құрады.
Статистика департаментінің хабарлауынша, өсім барлық өңдеуші өнеркәсіп орындарында байқалуда. Сонымен қатар, азық-түлік, резина және пластмасса бұйымдары мен ағаш, тығын бұйымдары, жиһаздан бөлек өсу үстінде.
«2012 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда ірімшік пен сүзбе өндіру - 10,7%, бидай мен сұйық қоспалардан ұн өндіру, соның ішінде ұсақ тартылған ұн - 13,5%, шұжық өнімдері - 32,0%-ға қысқарған. Сонымен қатар, жаңа пісірілген нан - 17,8%, сүт - 20,2%, макарон - 1,5 есе артты», - делінген ведомство мәліметінде.
Астанадағы құрылыс индустриясы кәсіпорындары тауар бетонын (2012 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 212,4%), құрылыс үшін цемент пен бетонды немесе жасанды кірпішті (206,0%) көп өндіргені көрінеді. Машина жасауда, соның ішінде ауал шаруашылығы машиналары мен орман шаруашылығы машиналары өнімдері (165,9%), үйлестіруші қалқандар (174,1%), дизельді локомотивтер өндіру (2,3 есе) өсіп отыр.