Астанада оңтүстіктің отандық тауар өндірушілерінің көрмесі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы күндері аясында облыстық өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі өтті, деп хабарлай өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Көрмеде өңірдегі жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі, құрылыс заттары салаларының 30-дан астам кәсіпорындарының отандық өнімдері қойылды.

Аталған шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, көрмеге қойылған өнімдерді қала əкімі мен мəртебі меймандарға таныстырды. Сондай-ақ, ол бүгінде отандық тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп жатқанын айтып, барша көрмеге қатысушыларды қазақстандық тауарды тұтынуға шақырды.

Мұнда Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына кілем өнімдері, шұлық және үйге арналған тоқыма бұйымдары, ерлер костюмдері, трансформаторлар, сорғылар, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық құрылғылар, құрылыс заттары, жиһаз, азық-түлік өнімдері ұсынылуда.

Сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған» акция аясында өтіп жатқан көрмеде ОҚО туристік объектілерінің сурет көрмесі және LED экранда облыстың инвестициялық тартымдылығы бойынша бейне ролик пен облыстық өнеркәсіптік кәсіпорындары туралы фильмдер көрсетілді.

Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп кәсіпорындары жыл басынан бері 515,4 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылғының тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,6 млрд. теңгеге артық.

Соңғы жаңалықтар