Астанада оныншы TYREPLUS шина орталығы ашылды

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Ресей мен ТМД-дағы Мишлен компаниясы TYREPLUS кәсіби шина орталықтары желісін дамыту шеңберінде Қазақстан Республикасында оныншы TYREPLUS шина орталығын ашты.
None
None

Орталықтың ашылу салтанатында Мишлен тобының вице-президенті, Шығыс-Еуропа географиялық аймағының басшысы Тьерри Шиш мырза: «Біз Астана қаласында оныншы жеңіл автокөлік шинасын ашумен Қазақстан шина нарығындаға өз позициямызды едәуір нығайтып, елдегі кәсіптік шина бөлшек саудасы сегментінде аса ірі ойыншылардың біріне айналмақпыз. Алдағы уақытта компания қол жеткізгендермен шектеліп қалуды жоспарлап отырған жоқ. 2011 жылғы қазан айында Алматыда тағы бір жеңіл автокөлік шинасы орталығын ашуды, ал 2012 жылдың соңына дейін Астана, Петропавл, Орал және Өскемен қалаларында кем дегенде бес шина орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Бөлшек сауда желісінің осындай қарқынмен дамуы Қазақстан шина нарығының жоғары әлеуетін көрсетеді»,-деп атап өтті.

Оның айтуынша, TYREPLUS серіктестік бағдарламасы - бизнесі дамып жатқан шина орталықтарының иелері үшін, сондай-ақ шина өнімдерінің мол таңдауын және елдің бүкіл аумағында кәсіби сервистің бірыңғай деңгейін алатын тұтынушылар үшін де тиімді.

«Біз үшін Қазақстан Республикасы Ресей және Украинамен бірге үш негізгі нарықтардың бірі болып табылады. Бұл жаңа автомобильдердің, әсіресе, жеңіл жол талғамайтын автомобильдер сатылымының тұрақты өсуімен және Қазақстан шина нарығының қарқынды дамуы сынды факторларға байланысты болуда»,-деді Т. Шиш мырза.

Қазақстанда аталмыш компанияның алғашқы шина орталығы 2006 жылы Көкшетау қаласында ашылған болатын.

Бүгінде Мишлен компаниясы Шығыс-Еуропа географиялық аймағында коммерциялық қатысуды арттыруға, Республика аумағында TYREPLUS кәсіби жүк және жеңіл автокөлік шиналарының бөлшек саудасын кеңейту мен дистрибуцияны дамытуға бағытталған бизнес-стратегиясы бойынша жұмысын жалғастырып келеді.

Соңғы жаңалықтар