Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммиті еліміздің қарқынды дамуына серпін береді - Елбасы

АНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, биыл желтоқсанда Астанада өтетін ЕҚЫҰ мемлекет басшыларының саммиті Қазақстанның одан әрі қарқынды дамуына серпін береді.
None
None

«Биыл желтоқсанның 1-2-сі күндері Астанада ЕҚЫҰ мемлекет басшыларының саммиті өтеді. Астаналық саммиттің жаһандық маңызы бар. Қазақстанға ЕҚЫҰ-ға мүше 55 мемлекеттің басшылары келеді. Біздің елімізге бүкіл әлемнің назары ауады. Мұндай деңгейдегі жаһандық форумды өткізу Қазақстанның әлемдік мәртебесін көтеріп қана қоймайды, сонымен бірге еліміздің дамуына серпін береді, қазақстандық бірлік пен патриотизмді одан әрі нығайта түседі», деді Н. Назарбаев бүгін төртінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясының ашылуында.

Осы орайда Президент еліміз бұл жаһандық саммитке дайындыққа қатысты барлық мәселелерді шешетіндігіне нық сенім білдірді. «Парламент, Үкімет және барлық мемлекеттік органдар жауапкершілікті сезінулері тиіс. Біз саммитке жақсылап дайындалып қана қоймай, оны жақсы деңгейде өткізуіміз керек. Ең бастысы осы халықаралық саммиттің негізгі құжаттарын қабылдауымыз қажет. Біз бүкіл әлемге қонақжайлылығымызды, ашықтығымызды және жауапкершілігімізді көрсетуіміз керек», деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар