Астанада пәтерлерді тонаумен айналысқан топ ұсталды
«Алматы» ауданы ІІБ полиция қызметінің ақпаратына сәйкес, үш баукеспе жеке үйден шығаберісте ұсталды. Полицейлер олардан алтын бұйымдар, бағалы тон және 1 млн. 500 мың теңге қолма-қол ақша тәркіледі. Олардың пәтерлерді бұдан бұрын да бірнеше рет тонағандары анықталды. Күдіктілердің біріне қатысты бұған дейін пәтер тонағаны үшін ақшалай кепіл түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған. Алайда бұл азамат оған қатысты қолданған шараны бұзып, қайта сол қылмысты жасады. Үшеуі де Ақмола облысының тұрғындары, бұдан бұрын түрлі қылмыс жасағандары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оларды ұстаған күні екі жекеменшік үйді тонап үлгеріп, тағы елордалық жатақханалардың бірінде жеке мүлікті ұрлауға әрекеттенген. Қылмыскерлер бір сценарий бойынша әрекет еткен. Алдымен пластикалық терезе рамаларын бұзып, артынша үйге кірген. Қазіргі уақытта олар елодардада 5 пәтерді тонағандарын мойнына алып, айғақты дәлел берді. Олар тергеу оқшаулағышына қамалды. Бұл факті сот алды тергеу тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкерлері тергеу жүргізуде, олардың елорда аумағында тағы осындай қылмыстарға қатыстылығының бар-жоғы тексерілуде.