09:12, 20 Қазан 2012 | GMT +5
Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
ПАВЛОДАР. 20 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада орталық алаңда Павлодар облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ашылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Екі күн бойы 30 аталымдағы азық-түлікті облыс аудандарының 127 ауыл шаруашылығы мен өңдеу кәсіпорындары сатады. Олардың арасында республикада танымал «Крендель», «Рубиком», «Сүт», «Смак» фирмалары бар.
Павлодарлықтар астаналық жәрмеңкеге 645 тонна азық-түлікті - көкөністер мен картопты, ет және сүт, жармалар мен ұн өнімдерін әкелді. Жәрмеңкелерде дегустация өткізіледі, келушілер үшін ас-шай әзірленді.
Астанаға өздерінің бұйымдарымен павлодарлық суретшілер, қолөнершілер мен талантты шеберлер келді. Кәсіби әртістер, үздік көркемөнер ұжымдары мен спортшылар астанада өздерінің бағдарламасын көрсетеді.