Астанада Президенттік мәдениет орталығында қытай нақышының көрмесі өтеді

ТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының көрме залында дәстүрлі қытай нақышы көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.
None
None

Бізде «қытай жаңа жылы» деп аталып кеткен, ай күнтізбесі бойынша «көктем мерекесі» туралы ежелден беліглі. Қытайда Жаңа жыл - орта ғасырлардан бастап кеңінен аталып жүрген ең сүйікті мереке болып саналады. Мереке қарсаңында үйлер түрлі тақырыптағы қартиналармен безендіріледі, бірақ олардың бастапқы мағынасы ізгі тілек тілеу болатын.Нқыштың бұл ерекше жанры «жаңа жылдық картинкалар» деген атауға ие болды (Nian Hua).

Жаңа жылдық картиналардың ерекше тобын Жаңа жыл тойлаудың табынушылық және ғұрыптық жағы құрайды, бұлар діни мағынадағы картиналар. Онда Көкке, Жерге, аруақтарға табынушылық көрініс табады, сонымен бірге діни даосизмнің, буддизмның және конфуциандықтың жеке аспектілері де беріледі.

Мазмұнына қарай, нақыштар (няньхуалар) әрқайсысы өзіндік образдық жиынтығы мен стилистикасы ие болатын жеке жанрлы-тақырыптық топтарға бөлінеді. Бір тобын әдеби шығармалардың, аңыздар, мифтер сюжеттерінің картиналары мен театралдық няньхуалар құрайды. Екінші тобы діни және символикалық-ізгі тілектер жазылған сюжеттерден құрылады. Үшіншісі - тұрмыстық мазмұндағы, өсиеттерге құрылған няньхуалар. Ал, төртінші тобы - пейзаждық және сәндік картиналар.

Нақыш оймыштайтын шеберлердің көпшілігі шаруа табынан шыққандар. Олар өз шеберліктерін атадан балаға, бір буыннан екінші буынға бере отырып, үнемі жетілдіріп отырған.

Тан (б.д.дейінгі 618-907 жж.) династиясының уақытында кітап басып шығару ісі дамуының арқасында жаппай нақыштарды көшіру мүмкіндігі туды. Бірақ, шынтуайтында, няньхуа тарихындағы «алтын ғасыр» болып Мин династиясының билік құрған дәуірі болып табылды. Император жеке өз басы жаңажылдық безендіру ретінде гравюралардың кеңінен тарауына қолдау жасады.

Қазіргі заманғы Қытайда да жаңажылдық картиналар дәл солай кеңінен тараған, ал олардың сюжеттері әр алуан.

Президенттік мәдениет орталығындағы көрмеде қытай халқының байлығы мен дәстүрлік тереңдігін көрсететін няньхуа гравюраларының жүзге жуық түрі қойылады. Қойылған еңбектердің ішінде - «Ұлдық парыздың орындалуы» гравюрасы, сонымен бірге әйгілі «Ұлдың 24 ісі», «Он кемшілік», «Жауыздың картасы» және басқалары бар.

Көрменің ашылуына Қазақстандағы Қытай Халық Республикасы Елшілігінің өкілдері, ҚР министрліктерінің өкілдері, Астана музейлерінің қызметкерлері, елорда қонақтары мен тұрғындары қатысады.

Көрмені Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Елшілігі мен Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар