Астанада радиобайланыс саласындағы аймақтық комиссияның 24-ші отырысы басталды

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы «Рамада плаза» қонақ үйінің мәжіліс залында Халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру жөніндегі радиобайланыс саласындағы аймақтық комиссияның 24-ші отырысы басталды.
None
None

Комиссия жұмысына Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей және Өзбекстанның байланыс органдарының өкілдері қатысып, аймақтық ынтымақтастық саласындағы бірлескен іс-шараларды атқару мәселелерін талқыға салды. Атап айтқанда, 2012 жылы өтетін дүниежүзілік радиобайланыс конференциясына дайындық жұмыстары Өзбекстан елінде пысықталса, 2014 жылы болатын электрбайланысты дамыту жөніндегі дүниежүзі конференциясы алдында Молдовада арнайы жиналысты өткізу туралы шешім шығарылды. Сондай-ақ комиссия отырысы барысында радиобайланыс саласындағы аймақтық ынтымақтастықтың құрылғанына 20 жыл толуына орай атқарылатын іс-шаралардың жоспары пысықталды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум