Астанада СЕАП қауіпсіздігі және «Роуза-Рота» парламентаралық семинары форумы өтеді

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат – 2009 жылғы маусымның 24-25-інде Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесінің (СЕАП) ІІІ қауіпсіздік форумы өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шараны Қазақстанда өткізу туралы ұсынысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын, оны Солтүстікатлантикалық кеңес қолдады.СЕАП қауіпсіздік кеңесі кеңестен кейінгі кеңістік пен азиялық құрлықта тұңғыш рет өткізілгелі отыр, ол 2009 жылғы біздің ел аумағындағы ең ірі шара саналмақ.Мұның алдындағы екі форум 2005 жылы Швецияда (Оре қаласы) және 2007 жылы Македонияда (Охрид қаласы) өткен еді.Қауіпсіздік форумы аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелерін ашық және еркін талқылау үшін бейресми орын болып табылады. Кездесу тақырыбы ? «Әріптестік арқылы қауіпсіздікке» деп аталады. Жалпы сессия мен тақырыптық отырыстар барысында Орталық Азия мен Кавказ аймақтарындағы қауіпсіздік мәселелері, Ауғанстандағы ахуал, энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланады.Форум жұмысына СЕАП мен НАТО елдерінен, басқа да мемлекеттерден, бірқатар халықаралық ұйымдардан 50-ден астам делегаттар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар НАТО Парламенттік Ассамблеясы (НАТО ПА) Қазақстанда 2009 жылы еуро-атлантикалық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөніндегі парламентаралық форум ? «Роуза-Рота» парламентаралық семинар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бүгінгі Солтүстікатлантикалық Альянспен екі жақты ынтымақтастық Елбасы Н.Назарбаев пен Бас хатшы Я. де Хооп Схеффер арасындағы НАТО штаб-пәтеріндегі желтоқсандағы (2006 ж) келіссөздердің қорытындысы бойынша қол жеткен келісімдерге, Мемлекет басшысының НАТО-мен әріптестікті жандандыру және тереңдету жөніндегі нұсқауына сәйкес жүзеге асырылуда.НАТО бас хатшысы Я. де Хооп Схеффердің мәлімдеуінше, Қазақстан НАТО үшін аймақтағы маңызды ел саналады. Қазақстан ? НАТО-мен әріптестік жеке іс-қимыл жоспары ауқымында қатынас орнатып жатқан Орталық Азиядағы жалғыз ел.
Соңғы жаңалықтар
Референдум