Астанада «Сенім - 2011» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада үздік жұмыс берушіні анықтайтын «Сенім - 2011» конкурсының жеңімпаздары марапатталды.
None
None

Байқау комиссиясының шешімі бойынша конкурстың III дәрежелі сыйлығына «ENRC Logistics» ЖШС, «БТА Өмір» сақтандыру компаниясы, Экология және радиациялық қауіпсіздік институты және «Қамқор» жөндеу компаниясы ие болса, II дәрежелі диплом «KEGOC» компаниясы, «Алина-менеджмент» ЖШС, «Астана отелі» АҚ, «Плюс-микро» ЖШС, «Алина-трейд» ЖШС және  «Hewlett-Packard» ЖШС бұйырды. Ал «Сенім - 2011» конкурсының I дәрежелі сыйлығын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы, Халықаралық бизнес академиясы, Халықаралық бизнес университеті, «Жинақ банкі» АҚ, «Эксперт-Н» ЖШС және «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ иеленіп, үздік жұмыс берушілердің алдыңғы қатарынан көріне білді. Оларды «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев марапаттады. Сондай-ақ «Қазэнерджи» қауымдастығының арнайы сыйлығы «KEGOC» компаниясына табысталды.

Конкурстың ұйымдастырушысы, HR-менеджерлер қауымдастығының үйлестіру кеңесінің президенті Гүлмира Раисова атап көрсеткендей, жыл сайын «Сенім» конкурсына қатысатын компаниялардың саны артып келеді. Бұған дейінгі конкурсқа 42 өтініш түссе, осы жолы конкурсқа қатысуға ниет білдірген компаниялардың саны 64-ке дейін өсті.  

Соңғы жаңалықтар