Астанада соңғы үш жылда 4 млн. шаршы метр баспана пайдалануға берілді
деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Елорданың тұрғын үй құрылысы соңғы жылдары жоғары қарқынмен дамуда. Жыл сайын пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 1 млн. шаршы метрден асады. Егер 2010 жылы 1 млн. 380 мың шаршы метр тұрғын үй салынған болса, 2011 жылы 1 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тек соңғы үш жылда 4 млн. шаршы метр баспана салынды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Осыған сәйкес, құрылыс саласына тартылған инвестиция көлемі де ұлғайды. Олардың жалпы көлемі 70 млрд. теңгеден асып отыр. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астананың әлі де 5 млн. шаршы метр тұрғын үй салу салуға әлеуеті бар.
2011 жылдан бастап Астанада тұрғын үй құрылысының 2014 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Оның шеңберінде 1 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады деп жобаланған.